AIU-де «Өнердегі химия» конкурсы өтті

2025 ж. 4 жел., бс, 12:55

2025 жылдың 1 желтоқсанында Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық институты, Жаратылыстану пәндері кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында «Өнердегі химия» атты конкурс өтті.

Іс-шараға «6В01503 – Химия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері қатысты. Байқауға қатысқан студенттер химиялық реакциялар мен молекулалық модельдерді көркемдік тұрғыдан бейнелеу шеберлігін, сондай-ақ химия тілін өнер арқылы жеткізу қабілеттерін көрсетті. Барлық кезеңдер бойынша жоғары дайындық деңгейін байқатып, тапсырмаларды сенімді орындаған Заманхан Самал конкурстың жеңімпазы атанды.

Іс-шараны Жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Болысбекова С.М. ұйымдастырды. Ол конкурстың кәсіби деңгейде өтуін қамтамасыз етіп, сындарлы әрі достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.

Қазылар алқасы студенттердің жұмыстарын ғылыми негізділігі, тың идеясы, көркемдік мәнері, практикалық маңыздылығы және идеясын таныстыра білуі бойынша бағалады.

Бұл бастама студенттердің сыни ойлауын, практикалық дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ химия ғылымына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралардың кәсіби қалыптасу үшін маңызды екенін атап өтті.

 


88