2024 жылдың 24 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Евразиялық
ұлттық университетінің 7М01510 - «Физика мұғалімдерін даярлау» білім
беру бағдарламасы магистранттары Астана халықаралық университетінде
ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында магистранттар ғылыми сабақтар мен пікірталастарға
қатысты, онда Педагогикалық институттың физика-математика және информатика
кафедрасының жетекші ғалымдары мен профессорлары физиканы оқытудың заманауи
әдістерімен және зерттеулер жүргізу тәсілдерімен бөлісті. Тағылымдама
магистрларға кәсіби білімдерін тереңдетуге, зерттеу дағдыларын дамытуға және
оқытушылар мен әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Кәсіби дамумен қатар, тағылымдама университеттер арасындағы ынтымақтастықты
нығайтуда маңызды қадам болды. Бірлескен жұмыс академиялық алмасу мен ғылыми
бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, білім беру және зерттеу
ортасын дамытуға үлес қосты.
Алынған білім мен тәжірибе магистрлардың болашақ педагогикалық және ғылыми
қызметі үшін берік негіз болып табылады, сондай-ақ олардың кәсіби және ғылыми
жобаларын сәтті жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Ғылыми жетекші: PhD, асс. профессор, кафедра меңгерушісі Нуркенов Серик Амангельдинович

