Ядролық қарусыздандыру саласындағы жобаның ғылыми-тәжірибелік негізін дамыту: Астана Халықаралық университетінің ғылыми жобасын іске асыру тәжірибесі

2025 ж. 30 жел., сс, 05:49

ЖТН 26100031 «Ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық медиациялық хаб: Қазақстан және шетел елдерінің тәжірибесі» ғылыми жобасын іске асыру аясында жобаның ғылыми қызмткерлері Чингаева Б.К., Болат А.А., Рамазанова Н.Ә. Астана қаласына күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс іссапарын жүзеге асырды. Іссапардың негізгі мақсаты - жобаның ғылыми-тәжірибелік негізін нығайту, сондай-ақ, жоба төңірегіндегі алға қойған міндеттерді жүзеге асыру болып табылды.

          Іссапар барысында ғылыми қызметкерлер жоба бойынша зерттеу тобының қалған мүшелерімен офлайн форматта жұмыс сессияларын өткізді. Сондай-ақ, жоба мүшелері атқарылған жұмыстарды талқылап, аралық нәтижелер келісіліп, сондай-ақ 2026 жылға арналған зерттеу жоспарын қарастырылып және жоба күнтізбелік жоспарына сәйкес міндеттерді бөлуді қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру аясында, зерттеліп жатқан тақырыпқа қатысты тәуелсіз пікірлерді жинау және мазмұндық бағыттар бойынша кәсіби бағалаулар алу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) сарапшыларымен офлайн кездесулер ұйымдастырылып, сұхбаттар алынды.

 Сарапшыларымен өткізілген кездесулер нәтижесінде, жобаның мазмұны мен тұжырымдары бойынша тәуелсіз пікірлер алынып, кәсіби бағалаулар жинақталды. Іссапар барысында зерттеліп жатқан тақырыпқа қатысты  қосымша дереккөздер мен материалдарды іріктеу, зерделеу және жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ғылыми зерттеулер үшін қажетті әдебиеттер мен дереккөздер жинақталып, талданып және  табылған ақпараттарға жүйелеу жұмыстары жүргізілді. Алынған қосымша дереккөздер мен зерттеу материалдары жобаның ғылыми өңдеуі мен жарияланымдар үшін пайдалы база ретінде келешекте қолданылады. Жобаның ғылыми қызметкерлері Астана қаласына жасаған жұмыс іссапары барысында жобаның ғылыми-тәжірибелік негізі едәуір нығайтылды. Нақтырақ айтсақ, зерттеу басымдықтары өзектендірілді, яғни жоба аясындағы зерттеу бағыттары нақтылап, олардың одан әрі дамуы үшін қажетті ғылыми құралдар мен әдіс-тәсілдер айқындалды.

Сондай-ақ, аталған іссапар барысында алынған нәтижелер жобаның алдағы кезеңдеріндегі жұмыстың тиімділігін арттырып, Қазақстанның халықаралық құқық және ядролық қарусыздану саласындағы ғылыми зерттеулеріне жаңа серпін беруге мүмкіндік тудырды. Алынған нәтижелер халықаралық құқық және ядролық қарусыздану саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосатыны айдан анық.

 


689