Astana International University Оразов Айдын Ерғалиұлын мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атануымен шын жүректен құттықтайды. Бұл жоғары марапат ғалымның ғылыми-зерттеу қызметіне қосқан елеулі үлесін, жоғары білім беру жүйесін дамытуға, заманауи оқыту әдістемелерін енгізуге және жас ғалымдарды даярлауға сіңірген еңбегін айқын мойындаудың дәлелі. Сондай-ақ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2025» құрметті атағы берілді.
Айдын Ерғалиұлының отандық және халықаралық деңгейде
мойындалған ғылыми еңбектері университетіміздің академиялық беделін арттыруға,
білім сапасын жетілдіруге және ғылыми әлеуетті нығайтуға зор ықпал етуде.
Құрметті Айдын Ерғалиұлы, алдағы ғылыми жолыңызда
толағай табыстар, жаңа идеялар мен биік жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіз жана
берсін, ғылым жолындағы ізденістеріңіз әрдайым нәтижелі болсын!
