Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2025 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Astana International University ұстаздары «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері тізіміне енді. 2026 жылы "BLCU Kazakhstan" брэнч кампусының директоры Қошанова Сәуле Ерденқызы мен Студенттермен жұмыс департаментінің қызметкері Бакенова Камила Серікқызы шетелдің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми тағылымдамадан сәтті өтіп, жаңа кәсіби жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!
