2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері **Нұрлыбаев Жеңіс Кәкенұлы**ның «Қала ырғағы» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Аталған мәдени іс-шараға Astana International University (AIU) Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Графикалық және fashion дизайн», «Сәулет дизайн», «Web дизайн», «Дизайн ТжКБ» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттері мен оқытушылары қатысты.
Көрме аясында суретшінің 50-ге жуық туындысы ұсынылып, әсерлі түстер үйлесімі мен қалалық кеңістіктің динамикасын бейнелеуі көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Шығармалар заманауи қаланың қарқынын, ырғағы мен эстетикалық бейнесін терең көркемдік тұрғыда ашады.
Іс-шара соңында студенттер авторымен естелік фотосуретке түсіп, шығармашылық шабыт алып, мәдени әсермен тарқасты.



