«Психология» білім беру бағдарламасы
студенттерінің академиялық ұтқырлығы: НИУ ЖЭМ-де (Мәскеу)
Халықаралық
Астана университетінің 6В03103 –
«Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Усманова Тахмина Гаиратовна 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында
академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары
оқу орындарының бірі - Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» (Мәскеу қаласы) базасында білім
алуда.
Академиялық
ұтқырлық кезеңінде Тахмина психология саласындағы теориялық білімін тереңдетуге
және кәсіби практикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған келесі оқу
пәндерін меңгеруде:
«Ойлау психологиясы» - ойлау үдерістерінің
механизмдерін, олардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, сондай-ақ шешім
қабылдау ерекшеліктерін зерттеуге арналған пән;
«Дағдарыстық жағдайдағы тұлғаларға шұғыл және
кризистік психологиялық көмек көрсету» - өткір стресс, психологиялық дағдарыс және төтенше
жағдайлар кезінде психологиялық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған курс;
«Клиникалық психология» - психикалық бұзылыстардың
психологиялық аспектілерін, психодиагностика, кеңес беру және психологиялық
сүйемелдеу әдістерін қамтитын оқу пәні.
Академиялық
ұтқырлық бағдарламасына қатысу студенттің кәсіби көкжиегін кеңейтуге,
психология саласындағы заманауи ғылыми және практикалық бағыттарды меңгеруге,
сондай-ақ халықаралық академиялық ортада білім алу тәжірибесін жинақтауға
мүмкіндік береді.
Халықаралық Астана университеті өз студенттерімен мақтанады және олардың академиялық әрі кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетеді. Алынған білім мен тәжірибе Усманова Тахмина Гаиратовнаның болашақ кәсіби өсуіне берік негіз болады және Қазақстан Республикасында психология ғылымы мен практикасының дамуына өз үлесін қоады деп сенеміз




