Бүгінде Қытай тілі 1,5 миллиардтан астам адам сөйлейтін
әлемдегі ең көп таралған тілдердің біріне айналып отыр. Қытай экономикасы
жаһандық деңгейде жетекші орындардың бірін иеленіп, көптеген елдердің, соның
ішінде Қазақстанның да маңызды сауда серіктесі екені белгілі.
2009 жылы АҚШ-та “100,000 Strong” бағдарламасы, ал 2015 жылы
“1 Million Strong” бастамасы іске қосылып, миллиондаған студентті қытай тілін
үйренуге ынталандыру көзделген еді. Бұл жоба тіл білудің стратегиялық маңызы
бар екенін айқын көрсетті.
Қытай тілін білу әлемде халықаралық сауда, инвестиция,
логистика және бірлескен жобалар саласында үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Дәл осы
тұрғыда қытай тілін меңгеруге бағытталған көптеген гранттар мен академиялық
бағдарламалар жүзеге асуда.
Университет осы жаһандық үрдістерді ескере отырып,
студенттерге орыс және ағылшын тілдерімен қатар қытай тілін меңгеруге мүмкіндік
жасап келеді. Бұл — бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы маңызды қадам.
24 қаңтарда BLCU Kazakhstan базасында HSK және HSKK
халықаралық емтихандары компьютерлік форматта өтті.
Қытай тіліне деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе
жатқанының бір дәлелі осы жолы емтихағанға 124 үміткер қатысқан. Демек өткен
жылдардың есебімен салыстыратын болсақ 55%-ға өскен.
BLCU Kazakhstan – Астана қаласындағы HSK және HSKK
емтихандарын халықаралық стандарттарға сай цифрлық форматта қабылдайтын жалғыз
ресми орталық. Заманауи формат емтиханды қолжетімді әрі ашық етеді.
Университет заманауи бағыттарды дер кезінде қабылдап,
көшбасшылық позициясын нығайтып келеді.
