AIU оқу ордасы Қазақстандағы туризм саласының дамуына және
заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға белсенді үлес қосуды көздейді.
Осы бағытта халықаралық тәжірибесі бар финдік құрылыс және
сәулет компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ықтимал
ынтымақтастық, экологиялық шешімдер енгізу және туристік тартымдылықты
арттыратын нысандарды дамыту мәселелері талқыланды.
Университет туризмді білім, ғылым және халықаралық
серіктестікті тоғыстыратын стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Ортақ
жобалар өңір экономикасының дамуына және сапалы туристік орта қалыптастыруға
ықпал етеді.
Сонымен қатар инфрақұрылымның дамуы профессор-оқытушылар
құрамына демалыс мүмкіндігін кеңейтеді.
Университет – тек білім ордасы ғана емес, елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын белсенді институт.
Университетімізге келген финдік делегация құрамында:
•
Ахти Сакари Жунтила, Onnivations Oy бас директоры
•
Франк Исоними, Opus Arcticus Oy бас директоры
•
Ари Тапанен Рэсанин, Thermiahirsi Oy бас директор-серіктесі
•
Луис Альфонсо Гонсалес Тойвола, Grow Capital Oy халықаралық бизнес жөніндегі
директоры
Осылайша, халықаралық әріптестермен ынтымақтастық бізге
Қазақстанның туристік секторын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және
инфрақұрылым сапасын арттыру үшін жаңа перспективалар ашады. Университет
өңіріміздің игілігі үшін білім, ғылым және тәжірибені біріктіріп, тұрақты
экономикалық және әлеуметтік өсуге жағдай жасайтын құзыретті орталық рөлін
нығайтуды жалғастыруда.





