Университетте өрт қауіпсіздігі бойынша лекция өтті

2026 ж. 28 қаң., ср, 12:18

2025 жылы әлемдік өрт апаты рекордтық деңгейге жетті. Бір ғана Лос-Анджелестегі «отты дауыл» 60 миллиард доллар шығын әкелген. Өткен жылы әлемде өрт апаты мен оның салдарынан 100 миллион адам зардап шекті.

Ал оқу орындарындағы өрттердің 70%-ы техникалық ақаулық пен оны дұрыс қолдана алмаудан болады екен.

Сол себепті 2026 жылдың 23 қаңтарында университетімізде лекция ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде «ОБЖ» ЖШС сарапшылары:

       Мейрам Жұмабекұлы — ұйым директоры;

       Руслан Құлмағамбетов — компания инженері шақырылды.

Кездесудің негізгі тақырыптары:

       Антитеррорлық қорғаныс. Мейрам Жұмабекұлы қауіп кезіндегі іс-қимыл алгоритмін толық түсіндіріп, күдікті жағдайларды анықтау жолдарын сипаттап берді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен өзара қатынас жасау ережелерін жеткізді.

       Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Инженер Руслан Құлмағамбетов өртсөндіргіштердің жұмысымен таныстырды. Онымен қоса өрт қауіпсіздігі нормаларын егжей-тегжейлі талдап берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жеке жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын түсінді. Апат кезінде жүйелі тәсіл көрсету төтенше жағдайлар қаупін азайтады. 


58