Соңғы
жылдары Қазақстанда алаяқтық қылмыс саны артып келеді. Бұл туралы өткен жылы
елімізде шамамен 27 мың дерек тіркелді.
Сонымен
қатар, былтыр 84 миллионнан астам алаяқтық сипаттағы қоңырау бұғатталған. Бұл
қарапайым азаматтар мен бизнес өкілдерінің материалдық шығынының алдын алуға
мүмкіндік берді.
Айта
кетейік, алаяқтық әрекеттерден келген жалпы шығын көлемі 11,1 млрд теңгеге
жеткен.
Осы
факторларды ескере отырып, 2026 жылдың 27 қаңтарында университетімізде «Алаяқтықтың алдын
алу және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараны Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасының 2-сыныпты заңгері
Қойкенов Самат Қайриденұлы өткізді.
Прокуратура
өкілдері алаяқтық фактілерін уақытылы анықтап, уәкілетті органдарға жедел
хабарлау қажеттігін ерекше атап өтті.
Іс-шараға
Құқық жоғары мектебі деканының орынбасары Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлы,
сондай-ақ Педагогикалық институт пен Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің
студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер құқықтық сауаттылық пен жеке
қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық материалдармен танысты.
Университет
құқықтық мәдениетті арттыру және студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.





