Astana International University (AIU) бастамасымен Yunus Emre Institute
үйлестірушісі, PhD Гүлмира Ешманова және орталықтың түрік тілі
оқытушысы Жәлеп Керім мырзаның қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды
семинар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мәдени ынтымақтастықты дамыту, түрік тілін
насихаттау және академиялық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Семинар ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған
сұрақтарын қойып, мамандардан құнды кеңестер алды.
Орталық өкілдері білім алушылардың жоғары дайындығын және түрік
тілі мен мәдениетіне деген шынайы қызығушылығын ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер университеттің халықаралық байланыстарын нығайтып,
мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етеді.






