2026 ж. 27 ақп., жм, 12:10

2026 жылдың 27 ақпанда Astana International University-де мемлекеттік грант негізінде білім алушы түлектердің Қаржы орталығы өкілдерімен кездесуі өтті. Қаржы орталығының мамандары түлектерді бөлу тәртібі, грантты өтеу талаптары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара студенттерге грантты өтеу шарттарын тереңірек түсінуге және білім беру саласындағы кәсіби дамудың бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз!


63