Отырыс барысында білім беру бағдарламаларының мазмұны жан-жақты талқыланып, оқу
нәтижелері, пәндер құрылымы, құзыреттер жүйесі және олардың еңбек нарығы
талаптарына сәйкестігі қарастырылды.
Академиялық комитет жұмысына комитет мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы
және Астана қаласының тәжірибелі педагогтері мен сарапшылары қатысты:
– «Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің» география пәні мұғалімі, педагог-
зерттеуші Кизатуллина Алуа Сеилхановна;
– «Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының» география пәні мұғалімі,
педагог-зерттеуші Який Хайрат;
– «Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің» география пәні мұғалімі, педагог-
зерттеуші Каким Бақытбек;
– «Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицейінің» география пәні мұғалімі, педагог-
сарапшы Орынбаева Гүлжан Бекмаханқызы.
Комитет мүшелері жұмыс берушілердің, тәжірибелі оқытушылар мен сарапшылардың
ұсыныстарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша нақты
ұсыныстар енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша бағдарламаларды жаңарту және бекіту жөнінде тиісті
шешімдер қабылданды.




