Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: AIU докторанттары Варшава университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде









Astana International University ректорының 2026 жылғы 3 сәуірдегі №463-ст бұйрығына сәйкес Жоғары құқық мектебінің 8D04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары Фариза Абугалиева мен Әділ Ақпан 2026 жылғы 7 мамыр мен 8 маусым аралығында Польша Республикасындағы Варшава университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – докторанттардың зерттеушілік құзыреттерін дамыту, диссертациялық зерттеулерінің ғылыми-әдіснамалық деңгейін жетілдіру және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту. Тағылымдама аясында докторанттар Варшава университетінің заң факультетінде ғылыми консультацияларға қатысып, академиялық іс-шаралар мен зерттеу жұмыстарына тартылуда.
Докторанттардың шетелдік ғылыми консультанты ретінде Варшава университетінің заң факультетінің профессоры Ярослав Турлуковский жетекшілік етеді. Бірлескен ғылыми жұмыс диссертациялық зерттеулердің сапасын арттыруға, халықаралық жарияланымдық белсенділікті дамытуға және Astana International University мен Варшава университеті арасындағы ғылыми-академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Бөлісу:
Фотогалерея





