«6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар» даярлау бағыты бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындылары (2026 жыл)

Астана халықаралық университетінде «6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар» даярлау бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындылары шығарылды.
2026 жылы «Биология» бағыты бойынша СҒЗЖ конкурсына Қазақстан Республикасының 14 жоғары оқу орнынан 26 ғылыми-зерттеу жұмысы ұсынылды.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары марапатталды.
**I дәрежелі дипломмен** 1 жұмыс марапатталды:
* **Қалдарбек Ақмейір** – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті, 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Ұлттық ашыған сүт өнімдерінің микрофлорасы негізінде пробиотикалық қасиеті бар биоқұрамаларды әзірлеу». Ғылыми жетекшілері: **Сартаева А.А.**, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; **Байташева Г.У.**, биология ғылымдарының кандидаты, профессор.
**II дәрежелі дипломмен** 2 жұмыс марапатталды:
* **Курал Виктория** – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 4 курс студенті, 6В05110 – Биология білім беру бағдарламасы. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Түркістан облысындағы сүттің бактериялық ластануын анықтау». Ғылыми жетекшісі: **Мусабеков А.Т.**, PhD, доцент.
* **Тоқтағазина Нұрай** – Астана халықаралық университетінің 4 курс студенті, 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Қазақстан аймақтарындағы жатыр мойны обырының эпидемиологиялық және биологиялық аспектілері». Ғылыми жетекшісі: **Шарипова М.Ж.**, PhD, қауымдастырылған профессор.
**III дәрежелі дипломмен** 3 жұмыс марапатталды:
* **Арын Назерке** – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2 курс студенті, 6В05103 – Биология білім беру бағдарламасы. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Жерсіндіру жағдайындағы дәрілік өсімдіктердің экологиялық-биологиялық ерекшеліктері, өсуі мен дамуы». Ғылыми жетекшісі: **Избастина К.С.**, PhD, қауымдастырылған профессор.
* **Дәуітбай Айзере** – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті, 6В05102 – Биология білім беру бағдарламасы. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Сырдария өзені аңғарының флорасы және оның экологиялық сипаттамасы». Ғылыми жетекшісі: **Инелова З.А.**, биология ғылымдарының кандидаты, профессор.
* **Кондратьева Анастасия** – «Торайғыров университеті» КеАҚ-ның 2 курс студенті, 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Stevia rebaudiana өсімдігінің әртүрлі өсу реттегіштерін қолдану кезіндегі биологиялық-морфологиялық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау». Ғылыми жетекшісі: **Калиева А.Б.**, биология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Бөлісу:



