AIU-да Цилу технологиялық университетінің делегациясы қонақ болды













































24 қыркүйекте Астана халықаралық университетіне Қытай Халық Республикасының Цилу технологиялық университетінің ректоры Дуань Пэйюн бастаған делегациясы ресми іссапармен келді.
Қонақтар алдымен Астана халықаралық университетінің музейін аралап, тарихи жәдігерлерімізге көз жүгіртті. Сондай-ақ AIU-дың білім саласындағы жетістіктерімен танысты.
Кездесу барысында тараптар халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен институт ашу, ғылыми зерттеулер жүргізу, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын жетілдіру мәселелері сөз болды. Екі елдің университеттері арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыстар жоспарланды.
Жиын соңында AIU Президенті Серік Ирсалиев пен Цилу технологиялық университетінің ректоры Дуань Пэйюн келіссөзге қол қойып, тараптар естелік сыйлықтар алмасты. Бұл серіктестік – Астана халықаралық университеті мен Цилу технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастық қана емес, заманауи білімді дамытудың маңызды жолы.
Бөлісу:
Фотогалерея

















