AIU делегациясы ШЫҰ-ның «Цифрлық экономика — 2026» халықаралық форумына қатысты


















Астана халықаралық университетінің халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі проректоры Қ.А. Абдрахманов пен СМТК ғылыми-зерттеу институтының директоры Н.С. Ирсалиев бастаған делегация 15–16 қыркүйек күндері Үрімші қаласында (Шыңжаң) өткен ШЫҰ-ның 2026 жылғы Цифрлық экономика форумына қатысты.
Қ.А. Абдрахманов панельдік сессияда «ШЫҰ кеңістігіндегі Цифрлық Жібек жолы: ынтымақтастық пен тұрақты дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама оқыды. Форум аясында Астана халықаралық университеті мен Чунцин телекоммуникациялар университеті өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Биылғы форумды Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік деректер басқармасы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырды. Оның ашылу салтанатына Қытай мен түрлі елдердің мемлекеттік органдары өкілдері, кәсіпорын басшылары, сондай-ақ жоғары оқу орындары және талдау орталықтарының сарапшылары мен ғалымдарын қоса алғанда 500-ге жуық адам қатысты.
Форум 2026 жылғы Бішкек саммитіндегі келісімдерді талқылап, ШЫҰ аясындағы цифрлық экономика саласын дамытуға және ұзақ мерзімді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар инфрақұрылымдық байланыстарды нығайтып, цифрлық саланы күшейтуге ерекше мән берілді.
Бөлісу:
Фотогалерея








