AIU Қазақстан-Корея университеттері саммитінде жаңа келісімдерге қол қойды















15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік сапармен Корея Республикасына барды. Іссапар аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Корея университеттерінің саммиті өтті.
Бұл кездесу меморандумдар мен келісімдерге қол қою алаңы ғана емес, екі ел арасындағы серіктестікті нығайтудың ізгі амалы болды. Өйткені Қазақстан және Корея университеттерінің бірлігін бекемдеп, бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуға бағытталған.
Саммит аясында Астана халықаралық университеті (AIU) Донгук университетімен және Чханвон ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар AIU өкілдері Хангук шет тілдері университеті мамандарымен байланыс орнатып, алдағы жобалардың бағытын талқылады.
Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырып, қазақстандық университеттердің халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс айтамыз.
Сондай-ақ ынтымақтастықты дамытуға деген ықыласы үшін кореялық серіктестерімізге ерекше ризашылығымызды білдіреміз әрі білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын жоғары бағалаймыз. Біздің ойымызша, академиялық байланысты нығайтуға бағытталған бұл кездесу – екі ел университеттері арасындағы мызғымас достық пен маңызды жобалардың бастауы.
Бөлісу:
Фотогалерея








