AIU TALKS жобасының тұсаукесері өтті

























































28 қыркүйек күні Астана халықаралық университетінің ректоры, «Әділет» партиясы Есіл аудандық филиалы әйелдер қанатының тең төрағасы Анар Базарқызы Мырзағалиеваның бастамасымен AIU TALKS интеллектуалдық жобасының ғылым саласындағы әйелдерге арналған алғашқы жиыны өтті.
Іс-шара барысында әр спикер өз саласына қатысты баяндама жасап, ғылым жолындағы тәжірибелерін бөлісті. Атап айтқанда педагогика, тарих, биология, экономика, химия саласына қатысты құнды ақпарат айтылды.
Қатысушылар Science Stations бөлімінде микроскоп арқылы микроағзаларды көріп, химиялық эксперименттерді тамашалап, 3D-принтердің жұмысын бақылады. Сонымен қатар Kahoot интеллектуалдық викторинасы арқылы білімдерін де сынады.
AIU TALKS – ғылымға қызығатын жастардың танымын арттыруға үлкен мүмкіндік. Өйткені жоба сарапшылар мен ғалымдардың, студенттер мен оқытушылардың басын қосып, жетістікке жетелейді. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасып, жаңа қырынан таныла бермек.
Жобаға қатысқан спикерлер мен студенттерге алғыс айтамыз!
Бөлісу:
Фотогалерея





















