AIU Psychology Art Fest шығармашылық фестиваліне қатысуға шақырамыз

Астана халықаралық университетінің Психологиялық қызметі студенттерді AIU Psychology Art Fest шығармашылық фестиваліне қатысуға шақырады.
Фестиваль мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, студенттерге сезімін өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.
Сайыс бес шығармашылық бағыт бойынша ұйымдастырылады.
1. ART – «Менің ішкі әлемім»
Бұл бағытқа сурет, цифрлық иллюстрация немесе жасанды интеллект көмегімен әзірленген арт туынды қабылданады.
Ұсынылатын тақырыптар: «Менің ішкі әлемім», «Сезімдер әлемі», «Менің ресурсым», «Бақыт дегеніміз…», «Менің күшім», «Менің эмоцияларымның түстері», «Менің қазіргі көңіл-күйім».
Қатысушы арт туындысымен бірге оның атауын және қысқаша сипаттамасын жіберуі қажет.
2. Psy Reels & AI
Ұзақтығы 60 секундқа дейінгі психологиялық тақырыпта түсірілген вертикалды бейнеролик қабылданады. Форматы — 9:16.
Ұсынылатын тақырыптар: студенттік өмір және стресс, жеке шекара, өзін эмоционалдық тұрғыда қолдау, айналадағы адамдармен қарым-қатынас, әлеуметтік желінің психологияға әсері және т.б.
3. Psychology on Stage
Бұл бағытқа 2–5 студенттен құралған командалар қатысады. Қойылымның ұзақтығы 3–5 минут болуы тиіс.
Қойылымды студенттік стресс, буллинг, жанжал, достық, жеке шекара, эмоционалдық қолдау, жалғыздық, әлеуметтік желіге тәуелдік, сенімсіздік, көмек сұрау немесе бірінші курс студенттерінің бейімделуі тақырыптарының біріне арнауға болады.
Өтінімге қойылымның қысқаша сипаттамасы және команда мүшелері жайлы ақпарат қоса беріледі.
4. «Жан сыры»
Қатысушылар психологиялық тақырыптағы авторлық өлеңін немесе эссесін ұсынады. Шығарманы сахнада оқу ұзақтығы 2 минуттан аспауы қажет.
Ұсынылатын тақырыптар: «Өзіме хат», «Менің күшім», «Бақыт деген…», «Мен таңдаған өмір», «Менің ішкі әлемім», «Өзімді қабылдау», «Менің арманым» және «Үміт».
Өтінімге шығарманың бейнесі және өлеңнің немесе эссенің толық мәтіні тіркеледі.
5. Music & Mood
Бұл бағытта жеке орындаушылар мен дуэттер өнер көрсетеді. Вокалдық, аспаптық немесе вокал мен аспапты біріктірген музыкалық нөмір ұсынуға болады.
Өнер көрсету ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс. Қатысушы орындайтын туындысы туралы қысқаша ақпарат пен алдын ала түсірілген бейнероликті жіберуі керек.
Фестивальге қатысу үшін:
1. Шығармашылық бағытты таңдау;
2. Авторлық жұмысты дайындау;
3. Жұмысты 2026 жылғы 15 қарашаға дейін жіберу;
4. Алдын ала іріктеуден өту қажет.
Әр қатысушы немесе команда бір бағыт бойынша бір ғана жұмыс ұсына алады. Барлық жұмыс авторлық туынды болуы тиіс. Фестиваль финалына алдын ала іріктеуден өткен қатысушылар өтеді.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026
жылғы 15 қарашаға дейін
Фестиваль финалы: 2026 жылғы 4 желтоқсан
Байланыс телефоны: +7 777 001 39 17
Электрондық пошта: psy_service@aiu.edu.kz
Қатысу үшін төмендегі форманы толтырыңыз.
Құрметті студенттер!
Сіздерді «PSY ART FEST» шығармашылық конкурсына қатысуға шақырамыз! Өз талантыңызды, эмоцияңызды және ішкі әлеміңізді өнер арқылы көрсетіп ақшалай сыйлықтарды ұтып алыңыз! Қатысу үшін форманы толтырыңыз.
Байланыс арналары: AIU Психологиялық қызметі
+7 777 001 39 17, psy_service@aiu.edu.kz
Қатысу үшін төмендегі форманы толтырыңыз.
https://forms.gle/9LPMXvoCcK5t9Neg8
Бөлісу:



