ТҮРКИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ДОКТОРАНТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ









8D04104 – «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты Нұрсұлтанова Карина Рашитқызы Нигде Омер Халисдемир университеті базасында (Nigde Omer Halisdemir University, Түркия) міндетті шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
180 академиялық сағатты құрайтын 30 күндік зерттеу жоспары шеңберінде докторант шетелдік консультант, PhD, қауымдастырылған профессор Murat Güler-дің жетекшілігімен қарқынды ғылыми білім беру бағдарламасын аяқтады. Тағылымдама барысында Карина Нұрсұлтанова заманауи ғылыми зерттеулердің әдіснамасын тереңдетіп, академиялық коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған «Modern Research Methods and Methodology» және «Effective Management and Academic Communication» пәндерін меңгерді. Жұмыстың едәуір бөлігі түрік университетінің кітапхана қоры мен электронды ресурстары базасындағы зерттеуге арналды. Шетелдік ғалымның жетекшілігімен диссертация тақырыбы бойынша халықаралық дереккөздер жиналды, сондай-ақ зерттеудің теориялық-әдіснамалық аспектілері талқыланды. Докторант Әлеуметтік ғылымдар факультетінің академиялық кездесулері мен ғылыми пікірталасына қатысып, халықаралық басылымда ғылыми мақала жариялау үшін баяндама тезистерін дайындады.
Міндетті шетелдік тағылымдамадан өту халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істеуге, шетелдік әріптестермен пікір алмасып, ғылыми жарияланым үшін сапалы ақпарат дайындауға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея





