AIU делегациясы IEF 2026 Fall халықаралық білім көрмесіне қатысты












18 қазанда Астана халықаралық университетінің делегациясы IEF 2026 Fall халықаралық білім көрмесіне қатысып, қазақстандық және шетелдік талапкерлерге университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрмеге Қазақстан мен шетелдің 86-ға жуық жоғары оқу орны, сондай-ақ 2500-ге жуық мектеп оқушысы мен олардың ата-аналары қатысты. Мұнда талапкерлер үшін түрлі университеттің білім беру бағдарламасымен танысуға, мамандық таңдауға, оқуға түсу мәселесі бойынша кеңес алуға жағдай жасалды.
Іс-шара барысында AIU өкілдері университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау тәртібі, студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер мен білім беру ортасы туралы ақпарат берді.
IEF 2026 Fall көрмесіне қатысу – халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндік. Өйткені AIU делегациясы Шотландия, Германия, Литва, Қытай, Венгрия, Малайзия және Мальта елдерінің 15-тен астам ЖОО өкілдерімен байланыс орнатты. Олармен болашақта бірлескен бастамаларды жүзеге асырып, академиялық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.
Бөлісу:
Фотогалерея






