AIU-да жазушы Ұларбек Дәлейұлымен кездесу өтті
























Бүгін Астана халықаралық университетінде «Құрмет» орденінің иегері, Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, жазушы Ұларбек Дәлейұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан тарихына арналған «Жошы хан» тарихи-көркем шығармасы талқыланды. Автор кітаптың мазмұны, тарихи тұлғаларды көркем шығармада бейнелеудің ерекшеліктері және тарихи деректерді әдеби тұрғыдан жеткізу мәселесі жөнінде ой бөлісті.
Студенттер жазушыға шығарманың идеясы, кейіпкерлері мен тарихи оқиғалардың көркемдік сипатта берілуі туралы сұрақтар қойды. Еркін форматта өткен кездесуде жастар кітаптан алған әсерін ортаға салып, өз көзқарастарын білдірді.
Іс-шара аясында «Жошы хан» кітабы бойынша интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында студенттер шығарманың мазмұны мен тарихи деректерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Танымдық дода білім алушылардың тарихи сауатын, әдеби талдау қабілетін және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Мұндай кездесу студенттердің тарихқа, әдебиетке және тарихи тұлғалардың мұрасына деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар білім алушылар белгілі қаламгермен жүздесіп, тарихи шығарманың мазмұнын автордың өзімен бірге талқылауға мүмкіндік алады.
Іс-шара жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, кітап оқуға деген ынтасын арттырады. Сондай-ақ әдеби мұрамыз бен ұлттық құндылықтарымызды тереңірек танып-білуге және оған құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Бөлісу:
Фотогалерея










