Астана халықаралық университетінің студенттері Алматыда өткен халықаралық ғылыми симпозиумда жүлделі орындарға ие болды












2026 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Биоалуантүрлілік және жасанды интеллект: заманауи үрдістер, цифрлық зерттеулер және биоалуантүрлілікті сақтау стратегиялары» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті.
Іс-шараға Астана халықаралық университетінің «Биология және сабақтас ғылымдар» білім беру бағытының 3-курс студенттері қатысты.
Симпозиум қорытындысы бойынша Жумахан Ару Полатқызы І орын, ал Касымбекова Зарина Мугзумовна ІІ орын иеленді. Ғылыми жетекшісі – Шарипова М.Ж., PhD, қауымдастырылған профессор.
Симпозиумға қатысу студенттерге өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстыруға, өзге ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелерін талқылауға үлес қосуға мүмкіндік берді.
Студенттерімізді марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс пен ғылыми жетістіктер тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея






