2025
жылғы 25 сәуір күні КеАҚ «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті»
ұйымдастырған «В011 - Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары
тобы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында
өткен республикалық пәндік олимпиадаға Астана халықаралық университетінің
студенттері қатысты.
Университет атынан
Информатика-21А тобының студенті Дарьябаев Жақсылық Қонысбайұлы және
Информатика-24А тобының студенті Қадыржан Эльдар Нысанұлы өз білімдерін сынап
қайтты. Команданың жетекшісі — Педагогикалық институттың аға оқытушысы, магистр
Жамалова Самал Арыновна.
Астана халықаралық
университетінің командасы пәндік білім мен кәсіби дайындығы үшін
ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен және Сертификатпен марапатталды.
Университетіміздің
студенттерін және жетекшісін құттықтаймыз! Республикалық деңгейдегі білім
бәйгесінде белсенділік танытып, AIU атын биікке көтергендеріңіз үшін алғысымыз
шексіз!