2025 жылғы 12 мамыр күні
Астана қаласы әкімдігінің "№101 орта мектеп" КММ базасында
«Жаратылыстану мен математикалық ғылымдар саласындағы жасанды интеллект:
инновациялар және келешек мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция өтті.
Семинардың басты мақсаты
– жаратылыстану және математика ғылымдарының түрлі салаларында жасанды
интеллект технологияларын қолданудың заманауи тәсілдерін талқылау, ғылыми
қауымдастық, жас ғалымдар мен практик-мамандар арасында тәжірибе алмасу,
ынтымақтастықты нығайту және жаңа ғылыми жобаларға жол ашу.
Іс-шараға Ресей,
Өзбекстан, сондай-ақ Алматы қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау
облыстары мен Семей қаласы және елорданың мектептерінен математика, физика,
информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Астана халықаралық
университетінің атынан конференцияда екі баяндама ұсынылды:
🔹 «Математика мұғалімдерін даярлауда
жасанды интеллектіні қолдану әдістемесі» тақырыбында – Анияров Альмир
Асқарович, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор;
🔹 «Artificial intelligence in quantum
mechanics» тақырыбында – Нуркенов Серик Амангелдинович, PhD, физика-математика
ғылымдарының кандидаты, «6В01505 – Физика» білім беру бағдарламасының
жетекшісі, қауымдастырылған профессор.
AIU оқытушыларының
баяндамалары жасанды интеллектті білім беру мен ғылым саласына
интеграциялаудағы жаңа мүмкіндіктерді ашып, қатысушылардың ерекше қызығушылығын
тудырды.
Астана халықаралық
университеті атынан конференцияға қатысқан әріптестерімізге ғылыми
белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!