AIU әскери және арнайы оқу орындарында ғылымның сапасын арттыруды талқылады

2025 ж. 17 қыр., ср, 12:00

2025 жылғы  17 қыркүйекте  Астана Халықаралық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қатысуымен, «Әскери, арнайы оқу орындарының мәселелері: диссертациялық кеңестер және ғылыми журналдар» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — әскери және арнайы оқу орындарындағы диссертациялық кеңестердің қызметін жетілдіру және ғылыми журналдардың сапасын арттыру жолдарын талқылау. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми кеңес мүшелері, бас редакторлар мен ғалымдар қатысты.

Астана Халықаралық университетінің Президенті іс -шараны ашып, диссертациялық кеңестердің рөлі мен олардың ғылымдағы маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында қатысушылар диссертациялық кеңестердің жұмысын жетілдіру тетіктері мен ғылыми журналдардың сапасын арттырудың өзекті бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, әскери және арнайы оқу орындарының ғылыми әлеуетін көтеру жолдары да қарастырылды.  Сондай-ақ ғылыми ортада сапалы зерттеулердің жариялануын қамтамасыз ету, ғылыми кадрларды даярлаудағы диссертациялық кеңестердің рөлі, және академиялық адалдықты сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленіп, алдағы уақытта оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілмек.


779