Адалдық - тұлғалық қасиет пен ел мүддесіне қызметтің негізі

2025 ж. 6 қар., бс, 04:07

Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор, PhD Нұрбек Исабай «Бүгінгі сөз» хабарына сұхбат берді.

Бүгінгі қоғамда адал азамат ұғымының мәні ерекше. Бұл туралы Нұрбек Исабай өз көзқарасын жеткізді.

«Адалдық  ең басты құндылығымыз, стратегиялық байлығымыз. Ол ең әуелі моральдық категория. Адам ең алдымен өзіне адал болуы тиіс. Өз ісіне, қоршаған ортасына, ұжымына адалдық танытқан тұлға ғана шынайы азамат дәрежесіне көтеріледі. Адал адамнан адал азамат қалыптасады. Ал адал азамат – мемлекетке адал қызмет ететін тұлға», - деді ол.

Сұхбат барысында ғалым жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, адалдық тек жеке қасиет емес, елдің дамуына үлес қосатын қоғамдық құндылық.

«Бүгінгі ұрпақтың санасына адалдықты сіңіру - ел болашағының кепілі. Әр азамат өз саласында әділ әрі адал болса, қоғамдағы сенім артады, ал сенім бар жерде өркендеу де бар», - деді Нұрбек Исабайұлы.

Нұрбек Исабай құқық саласында тәжірибелі маман ретінде заң үстемдігін, әділдік пен адалдық қағидаттарын насихаттап келеді. Ол бірнеше ғылыми мақалалардың және оқу құралдарының авторы. Басқаратын факультетте студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру мен азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді.

Төмендегі сілтемені басу арқылы шығарылымның толық нұсқасын тамашалай аласыздар!

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/news/8993/

 

 

 


1283