AIU Президенті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы жаңа Қоғамдық кеңес құрамына енді

2025 ж. 3 жел., ср, 06:57

2025 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі жаңа Қоғамдық кеңестің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Кеңес құрамына ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Кажыгулұлы Құрішбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Бейбит Баймагамбетұлы Мамраев, Астана халықаралық университетінің Президенті, «Белес» талдау және стратегия орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Серік Азтаевұлы Ирсалиев, мемлекет және қоғам қайраткері Найман Бубеұлы Калабаев; «Туран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Джапарова, «Esil University» ректоры Аяпберген Алданайұлы Таубаев, «Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мақсатқызы Мұқашева; республикалық «Білімді ел – Образованная страна» әлеуметтік-саяси газетінің бас редакторы Ляззат Мақсұтқызы Түркістанова«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Амангелдіұлы Бейсенбенов, «Білте қоры» Қоғамдық қорының президенті Мақпал Мазаққызы Мыса, «Pest Control» Ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Талғат Петрович Дюсеков, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Аманқызы Байдашева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инклюзивті қолдау орталығының супервизоры Ярослава Николаевна Ковалева, Қ. Қулажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Еламан Қанатұлы Айбульдинов, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрлері Динара Ринатқызы Щеглова мен Гүлзат Ызбасарқызы Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Айгүл Қакимбекқызы Сәдуақасова кеңес құрамына енді. .

Отырыста Қоғамдық кеңестің 4 комитетінің құрамы мен төрағалары сайланды. Астана халықаралық университетінің президенті Серік Азтаевұлы Ирсалиев Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актілерді қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайланды.

 


1686