Қаңтар айының басында, Жаңа жыл мерекесінен кейін бірден Astana
International University-дің үш құрылымдық бөлімшесінің — Экономика жоғары
мектебі, Құқық жоғары мектебі және Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары
мектебінің оқытушылары мен қызметкерлері Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы
демалыс базасына барды. Көркем Forest Club Burabay қала сыртындағы кешені күш-
қуат алатын және жаңа идеялар туындайтын орынға айналды.
Сапардың мақсаты өткен бірінші семестрді қорытындылау ғана емес, сонымен
қатар жаңа оқу кезеңі алдында серпіліс жасау болды. Бейресми жағдайда, университет
қабырғалары мен аудиториялардан жырақ жерде әріптестер негізгі жетістіктерді
талқылап, өткен айлардың нәтижелерін талдауға және екінші семестрге арналған
стратегиялық мақсаттарды егжей-тегжейлі пысықтауға мүмкіндік алды.
Бурабайдың қысқы орманы мен таза аязды ауасы ашық аспан астындағы
белсенділіктер үшін тамаша мүмкіндік болды. Серуендеу мен командалық ойындар
әріптестердің бір-бірін жақсырақ тануына және ұйымшылдықты арттыруға көмектесті.
Астана Халықаралық Университетінің ұжымы Forest Club Burabay-да белсенді
іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бергені үшін басшылыққа алғыс білдіреді.



