М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткен
«Қоғамдық тұрақтылық және әлеуметтік әділеттілік:
саясат,
құқық және әлеуметтік институттардың өзара іс-қимылы»
атты Халықаралық қысқы мектеп аясында Астана халықаралық университетінің профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы Баубекова Замира Джураевнаның дәрісі өтті.
Дәріс «Педагогикалық қатысу мәдениеті:
сөз этикасы,
мінез-құлық және кәсіби жауапкершілік»
тақырыбына арналды.
Баяндамашы педагогикалық этиканың қазіргі білім беру кеңістігіндегі маңызына,
педагогтің кәсіби жауапкершілігі мен білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтаудағы рөліне ерекше тоқталды.
Лекция барысында қазіргі таңда педагогтерге қойылатын талаптардың артуы жағдайында педагогикалық этика формальды ұстаным емес,
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының психикалық саулығын қамтамасыз ететін маңызды шарт екені атап өтілді.
2026
жылғы
12–23 қаңтар аралығында өткен Халықаралық қысқы мектеп профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілерге арналған білім беру алаңы ретінде кәсіби пікір алмасу,
тәжірибе және ғылыми идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Онлайн форматта өткеніне қарамастан,
талқылаулар белсенділікпен,
мазмұндылықпен және жоғары қызығушылықпен өтті.
Қысқы мектеп жұмысына Қазақстан,
Түркия,
Өзбекстан,
Қырғызстан,
Ресей және басқа да елдердің спикерлері қатысып,
өзекті ғылыми-педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық мәселелерді қамтыған баяндамалар ұсынды.
Мұндай көзқарастар мен тәсілдердің әртүрлілігі қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп,
ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке жаңа бағыт-бағдар берді.
