Astana International University-де Франция және Германия өкілдерімен кездесу өтті

2026 ж. 27 ақп., жм, 09:26

Astana International University-де Қазақстандағы Франция Елшілігі

қызметкері Солен Мартен және Гёте-Институт менеджері Ардак

Коксегеновамен «Университеттер достастығы» тақырыбында ресми кездесу

өтті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық академиялық

ынтымақтастықты дамыту, серіктестік байланыстарды кеңейту, бірлескен

білім беру жобаларын жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың

академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ француз және неміс тілдерін дамыту

мәселелерін талқылады. Мәдениетаралық диалогты нығайтуға және білім

алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында 2-курс студенттері арасында француз тілі бойынша

олимпиада ұйымдастырылды. Қатысушылар тілдік дайындықтарының

жоғары деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және француз тілі мен

мәдениетіне деген қызығушылықтарын көрсетті.

Мұндай кездесулер мен зияткерлік сайыстар университеттің

халықаралық байланыстарын нығайтып, студенттердің білімге деген ынтасын

арттыруға ықпал етеді.


103