Тіл мамандарына арналған ашық сабақ

2026 ж. 27 ақп., жм, 11:09

2026 жылы 26 ақпанда Педагогика институтының “шет тілі апталығы” аясында BLCU Kazakhstan-ның аға оқытушысы Чжан Чжуйнпин (张俊萍) ашық сабақ өткізді. Оған  Педагогика институты және BLCU Kazakhstan бірлесіп тәрбиелеп отырған “6B01711 - Ағылшын және қытай тілдері мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. “Қытай мәдениеті және Қытай өлеңдері” атты ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдасырылып, студенттер Қытай халқының жаңа жылы мен соған байланысты Қытайдың өлең-жырлары туралы ақпараттармен танысып, қытай мәдениетіне деген қызығушылықтары арта түсті.

Бұл іс-шара қытай тілін оқитын студенттер үшін таптырмас орай болды. Студенттеріміз қытай тілін жан-жақты білу үшін қытай мәдениеті де өте жақсы дәнекер екендігін терең түсінді.

Аталмыш ашық сабаққа BLCU Kazakhstan-ның Қытай тарапының директоры Лю сянцянь (刘现强), аға оқытушысы Чжан Сяомин (张晓明) және оқытушы Табыс Ерзат қатысты.


89