AIU-да Халықаралық ынтымақтастық департаменті шетелден келген бірінші курс студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді


















30 қыркүйекте Астана халықаралық университетінде бірінші курсқа қабылданған шетелдік студенттермен ақпараттық кездесу өтті. Жиын барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасындағы басты талаптар түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан аумағына кіруі мен елде болу тәртібі, көші-қон есебіне тұру, қажетті құжаттарды рәсімдеу және олардың мерзімін уақытылы ұзарту жөнінде толық ақпарат беру.
AIU-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті өкілдері студенттерге құжаттардың жарамдылық мерзімін үнемі бақылауда ұстаудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы немесе көші-қон мәртебесі өзгерген жағдайда университеттің жауапты бөліміне дер кезінде хабарлау ескертілді.
Ақпараттық кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Білім алушылар Халықаралық ынтымақтастық департаментіне жүгіну тәртібі бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.
Бұл жиын бірінші курс студенттеріне көші-қон талаптарын тереңірек түсінуге және әрбір құжатқа жауапкершілікпен қарауға жол нұсқады. Университет өкілдері алдағы уақытта да шетелдік білім алушыларға пайдалы кеңес беруді жалғастыра бермек.
Бөлісу:
Фотогалерея








