AIU-да Гарвард кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Реджина Раянмен кездесу өтті






























2026 жылғы 30 қыркүйекте Астана халықаралық университетінде Гарвард кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Реджина Раянмен кездесу өтті.
Реджина Раян Астана қаласына АҚШ-тан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысуға келіп, спикер ретінде сөз сөйледі. Сапар аясында ол іскерлік және академиялық қауымдастық өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.
Жиынға Астана халықаралық университетінің президенті Серік Ирсалиев, университет ректоры Анар Мырзағалиева, сондай-ақ AIU департаменттерінің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында бизнесті басқару мен дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды:
· тосын жағдайда шешім қабылдау;
· тұрақты даму үшін стратегия жасап, команда құру;
· практикалық жағдайларды талдауға Гарвард әдісін — case study тәсілін қолдану;
· бизнес бағытындағы көшбасшыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін ұсыну.
Бұдан бөлек HarvardAE және Yassa Business Institute бірге әзірлеген Орталық Азияның бизнес бағытындағы көшбасшыларына арналған эксклюзивті бағдарламаға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту, мансаптық бағытын қалыптастыру және жұмысқа орналастыру тақырыбы сөз болды. Тараптар студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және халықаралық тәжірибе жинауына бағытталған жобалардың санын арттыруға ниет білдірді.
Кездесу қатысушыларға бизнесті басқарудың халықаралық тәсілдерімен танысуға, практикалық бизнес-кейстерді талқылауға және алдағы серіктестіктің ықтимал бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея












