AIU-ДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИЗМ КҮНІНЕ ОРАЙ ТУРИЗМ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ


















Астана халықаралық университетінде жыл сайын өтетін Дүниежүзілік туризм күніне орай Туризм апталығы өтті. Туризм апталығының негізгі мақсаты – студенттердің туризм және қонақжайлылық саласына деген қызығушылығын арттыру, олардың кәсіби құзыреттерін, шығармашылық әлеуетін және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім алушылардың туристік индустрияның заманауи даму бағыттары туралы практикалық тәжірибесін арттыру болды. Апта аясында студенттерге туризмді дамытудың өзекті мәселелерін, саланың заманауи үрдістерін, кәсіби даму мүмкіндіктері мен мансаптық перспективаларды талқылауға мүмкіндік беретін кездесулер, дәрістер және практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Маңызды кездесудің бірі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Туристік өнімдерді дамыту департаментінің бас менеджері Даурен Ақботамен өткен дәріс болды. «Өз нишаңды қалай табуға және туристік өнімді қалай дайындауға болады?» тақырыбындағы кездесу туристік өнімді әзірлеу және нарыққа шығару мәселелеріне арналды. Дәріс барысында студенттер туристік ұсыныстардың заманауи тәсілдерімен, мақсатты аудиторияны анықтау ерекшелігімен, бірегей ұсыныс қалыптастыру жолдарымен танысты.
Кәсіби бағдарлама «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС Туристік өнімдер мен сервисін дамыту департаментінің директоры Ольга Александровна Абельдиновамен өткен кездесумен жалғасты. Қонақтың дәрісі елорданың туристік өнімдері мен сервистерін дамытуға арналды. Студенттер Астанадағы туризмді дамытудың өзекті бағыттарымен танысып, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыру тәсілдері туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шараларды өткізу болашақ туризм мамандарын даярлау үшін ерекше маңызға ие. Заманауи маман тек теориялық біліммен шектелмей, командада жұмыс істей білу, іс-шараларды ұйымдастыру, туристік өнімді таныстыру, әртүрлі аудиториялармен араласып, жаңа идеялар ұсынуға дайын болуы қажет.
Туризм апталығы қорытынды іс-шарамен аяқталды. Студенттерге дипломдар табысталып, олардың жиынды ұйымдастыруға қосқан үлесіне алғыс айтылды. Бұл апталық тек білімді дамытуға емес, туризмге қызығушылық танытатын студенттердің ортасына айналды. Туризм – білім мен мәдениетті, технология мен кәсіпкерлікті біріктіретін сала. Сондықтан студенттердің кәсіби қызығушылығын дамыту – Қазақстанның туристік индустриясының дамуына үлкен үлес.
Бөлісу:
Фотогалерея








