AIU-да португалиялық «AMADEO» көркем фильмінің көрсетілімі өтті




































5 қарашада Астана халықаралық университетінде Португалия Республикасының Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп, «AMADEO» көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Көрсетілімге Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал бастаған елшілік делегациясы қатысты. Делегация құрамында дипломатиялық миссия басшысының орынбасары Нуно Алмейда және елшінің ассистенті Айгерім Қасылова болды.
Режиссер Висенте Алвеш ду О түсірген тарихи-биографиялық фильм Португалияның көрнекті суретшісі, модернизм мен авангард өнерінің өкілі Амадеу де Соуза-Кардозудың өмірі мен шығармашылығына арналған.
Көрсетілім барысында көрермендер ХХ ғасыр басындағы Еуропа өнерімен танысты. Фильмде суретшінің шығармашылық ізденістері, Париждегі өмірі, сондай-ақ Пабло Пикассо және Амедео Модильяни сынды танымал тұлғалармен байланысы да суреттелген.
«AMADEO» көркем фильмі студенттерге Португалияның мәдениеті мен сурет өнерінің тарихын тануға мүмкіндік берді. Ал Португалия Елшісінің сапары – Астана халықаралық университеті мен Португалия Республикасы арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды дамытудағы маңызды қадам.
Бөлісу:
Фотогалерея














