AIU-да білім беру саласындағы жасанды интеллект пен инновацияларға арналған халықаралық конференция өтті

































Астана халықаралық университетінде «Жасанды интеллект және инновациялар: білім беру саласындағы жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты I халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті. Іс-шараны AIU мен «Астана Әдістемелік орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Латвиядан педагогтер, ғалымдар, IT сарапшылары мен білім беру саласының өкілдері қатысты.
Жиында ЖИ құралдарын оқу үдерісінде пайдалану, бейімделген онлайн оқыту, жоғары білімнің болашағы, педагогтердің цифрлық құзыреттілігі және болашақ мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту мәселелері сөз болды.
Конференция білім беру саласындағы мамандарға халықаралық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея













