382
AIU студенттері сәулетші және дизайнер Ерғали Дәуітовпен кездесті



























1 / 9
6 қарашада Астана халықаралық университетінде Мәскеуден келген өнертанушы, сәулетші әрі дизайнер Ерғали Нұркешұлы Дәуітовпен кездесу өтті.
Ерғали Дәуітов – С.Г. Строганов атындағы Ресей мемлекеттік көркемөнеркәсіп университетінің «Көркем металл» кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, қоғамдық және тұрғын үй нысандарын жобалаумен айналысатын тәжірибелі сәулетші.
Кездесу барысында спикер шығармашылық идеяны нақты жобаға айналдыру мен маманның кәсіби дамуы туралы көзқарасын білдіріп, тәжірибесін бөлісті.
Жиын соңында студенттер қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сәулет өнері мен дизайн саласындағы заманауи бағыттар жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу:
Фотогалерея











