Астана халықаралық университетінің студенттері III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумында ілеспе аудармашы қызметін атқарды

2026 жылғы 18 қарашада Қазақ ұлттық спорт университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті. Форумда AIU Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Аударма ісі және аударматану» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері ілеспе аудармашы қызметін атқарды.
Шара аясында студенттер шетелдік университеттердің басшылары, халықаралық ұйым өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар қатысқан панельдік сессияларда ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жасады.
Іс-шара бағдарламасы бойынша «Трансұлттық білім беру және университеттердің халықаралық филиалдары: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер», «Жоғары білім берудің болашағы: ғылым, инновациялар және жаһандық серіктестік», сондай-ақ Coursera Future Talks және Times Higher Education панельдік сессиялары өтті.
Аталған іс-шарада Жалмуканова Арна, Табылдиева Алина, Кабдулла Малика, Серікұлы Амирали, Каримбаева Аружан, Кайрден Санжар, Қуат Жансая, Төрехан Ақәділ, Бақытқызы Гүлім және Бексултанова Венера аудармашылық қызмет атқарды.
Ілеспе аударма ақпаратты жылдам қабылдау мен өңдеуді, терминологиялық дәлдікті және кәсіби жауапкершілікті талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, студенттердің халықаралық форумға қатысуы – олардың теориялық білімдері мен аудармашылық шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік.
Бөлісу:



