AIU-да Johns Hopkins University өкілдерімен кездесу өтті




































Бүгін Астана халықаралық университетінің президенті Серік Ирсалиев AIU-да Johns Hopkins University өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Шетелдік университет атынан кездесуге доктор Дженифер Адамс пен Сакил Малик және Johns Hopkins University аға кеңесшісі командасының мүшесі Назерке Асан қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – екі университет арасында серіктестік орнатып, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау.
Келіссөз барысында тараптар университеттер қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, академиялық тәжірибе алмасу және білікті мамандар даярлау мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттары сөз болды.
Кездесу қорытындысында AIU мен Johns Hopkins University өкілдері білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы байланысты дамытуға қызығушылық танытып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.
Бөлісу:
Фотогалерея














