AIU-да полониялық дипломат Михал Лабенданың қонақ дәрісі өтті






















































Бүгін AIU-да Қазақстан Республикасындағы Полонияның Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиевамен кездесті.
Кездесу барысында Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Саят Баймұратұлы Михал Лабендаға университеттегі Шығыс мұражайын көрсетіп, ондағы экспозицияларды таныстырды.
Кездесудің маңызды бөлігі – «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы студенттерімен болған қонақ дәрісі. «Poland’s Transformation and Foreign Policy after 1989» тақырыбындағы дәрісте Михал Лабенда Полонияның 1989 жылдан кейінгі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы баяндады. Сондай-ақ елдің сыртқы саясатының қалыптасуы мен негізгі бағыттарына тоқталды.
Дәрісте Полония елшісі қазіргі халықаралық үдерістерге қатысты кәсіби тәжірибесін бөлісіп, Қазақстан мен Полония арасындағы қарым-қатынастар туралы айтты. Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер дипломатқа өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.
Бөлісу:
Фотогалерея




















