AIU-да Pizza Pitch Day өтеді

1 желтоқсанда Астана халықаралық университетінде студенттік бастамаларды қолдауға арналған Pizza Pitch Day кездесуі өтеді. Іс-шараға AIU-дың барлық студенті қатыса алады.
Кездесу өз идеясын таныстырып, оны жүзеге асыратын команда іздейтін студенттерге арналған. Қатысушылар болашақ жобасының мақсатын айтып, командаға қандай бағыттағы маман қажет екенін түсіндіреді. Дайын өнімнің болуы міндетті емес.
Сонымен қатар бағдарламалау, дизайн, маркетинг саласында білімі бар студенттер түрлі жобалармен танысады. Бағдарлама еркін пікір алмасу форматына бағытталған.
Өтетін күні: 1 желтоқсан 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Мекенжайы: Астана қаласы, Жиембет жырау көшесі, 2
Өтетін орны: 12-қабат, конференц-зал
Қатысу үшін алдын ала тіркелу міндетті.
Бөлісу:


