AIU мен Сиракуз университеті академиялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады



























Бүгін Астана халықаралық университетіне АҚШ-тың Сиракуз университетінің Ағылшын тілі институты директорының академиялық бағдарламалар жөніндегі орынбасары Ольга Оганесян келді. AIU ректоры Анар Мырзағалиева шетелдік қонақпен жеке жүздесіп, екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру және оқытушылар мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ шетел тілдерін оқытуда заманауи әдістерді қолдану мен халықаралық байланысты нығайту бастамасы сөз болды.
Кездесуден кейін Ольга Оганесян «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына қонақ дәрісін өткізді. Профессор шетел тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерін таныстырып, өзінің академиялық тәжірибесін бөлісті. Ал білім алушылар спикерге тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесудің негізгі мақсаты – AIU мен Сиракуз университеті арасындағы байланысты нығайтып, халықаралық тәжірибе алмасу және білім беру үдерісіне тиімді әдістемелерді енгізу, оқытушылар мен білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну.
Бөлісу:
Фотогалерея











