AIU ДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ






























29 қазан күні Астана халықаралық университетінде «Психологиялық саулық және қолдау кеңістігі» тақырыбында AIU Психологиялық қызметінің ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге университеттегі психологиялық көмек жайлы ақпарат беру.
Кездесу барысында стрессті басқару, оқу мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды шешу мәселелері талқыланды.
Ашық есік күні студенттерді Психологиялық қызметтің жұмыс бағыттарымен таныстыруға, психологиялық мәселелерді талқылауға арналды.
Кездесу қызықты, мазмұнды және нәтижелі өтті. Қатысушылар адамның мінез-құлқы туралы білімдерін арттырып, қиын жағдайларда қауіпсіз әрекет етудің жолдарын талқылады. Мұндай іс-шаралар жастарға өз денсаулығына жауапты қарап, бір-біріне көмектесуге оң ықпалын тигізеді.
Бөлісу:
Фотогалерея












