AIU-да пәкістандық ғалым Зулфикар Ахмадтың ғылыми семинары өтті



























Бүгін Астана халықаралық университетінде «Effective Ways to Publish in International Journals: From Writing a Paper to Getting More Citations» тақырыбында ашық ғылыми семинар өтті.
Семинар спикері – Пәкістан Ислам Республикасындағы Хазара университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Зулфикар Ахмад.
Семинар барысында қатысушылар ғылыми идеяны мақалаға айналдыру, халықаралық журналды дұрыс таңдау, ғылыми басылымдардың талаптарына сай материал дайындау және рецензенттердің ескертулерімен жұмыс істеу мәселесі бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар ғылыми жарияланымдағы дәйексөз санын арттыруға көмектесетін құралдармен танысты.
Іс-шара Scopus және Web of Science халықаралық журналдарында мақала жариялауды жоспарлап жүрген оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, магистранттар мен докторанттарға пайдасын тигізді. Сондай-ақ ғылыми жарияланымдарға қойылатын халықаралық талаптарды түсінуге және зерттеу жұмысын жетілдіруге бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея











