AIU студенттерінің шығармашылық жұмыстары халықаралық рекордтар кітабына енді






2026 жылғы 28-29 қазан күндері Астана қаласында ұлттық қолөнерді дәріптеуге бағытталған «Өнермен өрілген Қазақстан» шығармашылық жобасы өтті. Ауқымды бастама Global Best of Records (GBR) халықаралық рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификатпен расталды.
Жобаға Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының «Көркем еңбек және бейнелеу өнері» білім беру бағдарламасының 3-курс, УХТиИЗО-24А тобының студенттері қатысып, табиғи қой жүнінен жасалған 12 шығармашылық жұмысты көрермен назарына ұсынды. Студенттердің шығармашылық жұмыстарына жетекшілік еткен оқытушы – Құсыман Қарлығаш.
«Өнермен өрілген Қазақстан» жобасы ұлттық мәдени мұраны насихаттауға, дәстүрді жаңғыртуға және жас қолөнершілерді қолдауға бағытталды. Жоба – студенттерге тәжірибе жинауға және ұлттық өнердің құндылығын түсініп, оны дәріптеуге үлкен мүмкіндік. Өйткені AIU студенттерінің туындылары жалпы саны 500 жұмыстан құралған халықаралық рекордтық топтаманың құрамына енді.
Университет ұжымы халықаралық жобаға қатысқан студенттер мен олардың жетекшісін құттықтап, алдағы шығармашылық ізденістеріне табыс тілейді!
Бөлісу:
Фотогалерея




