AIU СТУДЕНТТЕРІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ AI-СТАРТАПТАР БАЙҚАУЫНДА I ОРЫН ИЕЛЕНДІ






2026 жылғы 28 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында «AI стартап-жобалар» байқауы өтті. Байқауға 4 жоғары оқу орнынан 7 команда қатысып, Астана халықаралық университеті Экономика жоғары мектебінің студенттері I орынға ие болды.
Жеңімпаздар – Менеджмент-25Б тобының студенттері Дидарқызы Диляра және Жанайдар Айшабибі. Ғылыми жетекшісі – PhD, AIU Экономика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Насырова Анар Мирамбековна.
Команда Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға және жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы туристік сапарларды жоспарлауға бағытталған «SmartTour AI Qazaqstan» инновациялық стартап-жобасын ұсынды.
Бұл жеңіс – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шығармашылық ізденістерінің және заманауи технологияларды қолдануға деген ұмтылысының нәтижесі. Жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея




