AIU-да Президент Жолдауындағы ел дамуының негізгі міндеттері талқыланды
























Бүгін «Taldau AI Analytics» аналитикалық орталығы Астана халықаралық университеті алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде мемлекет және қоғам қайраткері, «Taldau AI Analytics» аналитикалық орталығы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Мәулен Әшімбаев цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге, жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған «Халықтық цифрлық экономика» бастамасы жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар жолдарды, инженерлік желілерді, әлеуметтік және басқа да нысандарды жаңғыртуды көздейтін «Халықтық құрылыс» бағдарламасына назар аударды.
Жиынға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев, экономистер Руслан Сұлтанов пен Асқар Қысықов, саясаттанушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина, қаржыгер Расул Рысмамбетов және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Елдос Абақанов қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысында сарапшылар конституциялық реформалардың маңызын атап өтіп, сындарлы ынтымақтастық пен сараптамалық диалогты жалғастыруға ниет білдірді.
Бөлісу:
Фотогалерея









